«ҮТЖҒЗИ» ЖШС «ТКШ-Строй-Экспо» SmartSity-2018»тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын және Қазақстанның құрылыс индустриясын дамытуға арналған ХІ Халықаралық көрмесіне қатысты.
ЖАҢАЛЫҚТАР

 2018 жылғы 15-16 қараша Астанадағы  «Көрме» орталығында XI Халықаралық көрме және «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы - Строй-Экспо» форумы өтті. Іс-шараны ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, Астана қаласы әкімдігі және "ТКШ жаңғырту мен дамытудың ҚазОрталығы" АҚ ресми қолдауымен "FairExpo" және "Экспо-Сервис" көрме компаниялары ұйымдастырды.

Отандық компаниялардан басқа, өз өнімдерін Ресей, Беларусь, Украина, АҚШ, Германия, Түркия, Литва, Польша, Қытай және Египет кәсіпорындары ұсынады.

Компания көрмемен қатар энергиямен қамтамасыз ету, ТКШ автоматтандыру, ағынды суларды тазартудың әлемдік тәжірибесі, заманауи гидроизоляциялық жүйелер және тағы басқалар бойынша презентациялар өткізеді.

Көрме аясында Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) ұйымдастырған "қала шаруашылығындағы "жасыл" ақылды технологиялардың қолжетімділігі" арнайы сайд-ивент өтті.

Көрмеде ТКШ цифрландыру үшін инновациялық шешімдер, коммуналдық желілерді жаңғырту, энергия тиімділігі және энергия үнемдеу, жылу, су және газбен жабдықтау, лифт шаруашылығы, құрылыс технологиялары мен материалдар, жарық техникасы, электр жабдықтары, "жасыл" технологиялар ұсынылды. Сондай-ақ, "ҮТЖҒЗИ "ЖШС "Астана қаласындағы Энергия тиімді квартал" пилоттық жобасы туралы көрме материалдары мен бейнематериалдарды ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында "ҮТЖҒЗИ" (тұрғын үй институты) ЖШС Құрылыс және тұрғын үй шаруашылығы саласында жаңа энергия - ресурс үнемдеуші технологияларды қолдана отырып, энергия тиімді кварталдың жобасын әзірлеу жүргізілуде.

EXPO-2017 жобаларын іске асыру шеңберінде және Қазақстандық ғылыми әзірлемелерді қолдау мақсатында осы жобада жер, жел және күн энергиясын пайдалануға негізделген жаңа әзірлемелерді барынша енгізу көзделіп отыр.

FaLang translation system by Faboba